Стационардың оториноларингологиялық кабинеттері

Уалиева Гульнара Эриковна. Отделения оториноларингологии

Уәлиева Гүлнара Эрикқызы – м.ғ.к., жоғарғы санаттағы дәрігер, Алматы қаласының штаттан тыс бас оториноларингологы

1987 жылы АММИ аяқтады.

Мамандығы бойынша еңбек өтілі – 25 жыл.

Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғарғы санаттағы дәрігер, эндоскопиялық кабинеттің меңгерушісі.

1993 жылы АМДБЖИ негізінде оториноларингология бойынша интернатураны аяқтады.

2003 жылы «Анестезия при абсцесстонзилэктомии» тақырыбына кандидаттық диссертациясын қорғады.

Маманданымдары: Ресейде, Мәскеу, Ярославль қалаларында – эндоскопия бойынша; Австрия, Зальцбург қ. – жалпы ЛОР-патология және ЛОР-онкология бойынша.

Оториноларингология бойынша шұғыл және жоспарлы хирургиялық көмектің барлық түрін жетік меңгерген.

Уалиева Гульнара Эриковна. Отделения оториноларингологии

№5 ҚКА стационарының оториноларингологиякабинеттерінде түрлі ЛОР аурулары кезінде ересектер мен балаларға замани жабдықтарда, кабинеттің жеткілікті техникалық жабдықталуымен (соңғы шыққан ЛОР-комбайндар) диагностикалық және кеңес берушілік көмек көрсетіледі. Қабылдауды білікті дәрігер-оториноларингологтар жүргізеді.

ЛОР-органдардың диагностикасы

  • эндоскопиялық зерттеу;
  • компьютерлік томография;
  • мұрын сүйектері мен қосымша қуыстарының рентгенографиясы;
  • отомикроскопия, риномикроскопия;
  • жағынжыларды бактериологиялық әдіспен, цитологиялар арқылы тексеру;
  • аудиологиялықтексерулер, импедансометрия және т.б.

Емдеу

  • созылмалы тонзиллит, баспалар;
  • түрлі формадағы риниттер (вазомоторлы, аллергиялық);
  • жіті және созылмалы синуситтер (гайморит, фронтит, этмоидит);
  • жіті жәнесозылмалы фарингиттер, ларингиттер;
  • мұрын полиптері және полиптік синуситтер, гаймор қуысының кисталары;
  • сыртқы отит, жіті және соқылмалы ортаңғы отиттер;
  • ЛОР-органдарда бөгде денелерді алып тастау.
  • ЛОР-аурулары кезіндегі емдеу іс-шараларының толық көлемі, соның ішінде:
  • синуситтердің операциялық және консервативті емдеуі;
  • созылмалы риниттерді консервативті және хирургиялық кірісумен емдеу;
  • отиттерді емдеу;
  • мұрыннан қан кетуді тоқтату,
  • құлақ, тамақ және мұрыннан бөгде денелерді алып тастау;
  • аудиологтың кеңесімен, естудің аудиологиялық зерттеуі.

Біздің артықшылығымыз:

Біздің дәрігерлер үнемі таяудағы және қиырдағы шетелде оқудан өтіп, біліктілігін жоғарылатып отырады, замани медицинаның ең жаңашыл, алғы шептегі технологияларын жетік меңгерген. Мамандандырылған клиника бола тұрып, біз көп жылдар бойы тәжірибемізбен қатар жаңа әдістерді де қолданамыз. ЛОР-ауруларын емдеу үшін физиотерапиялық бөлімшесінің бар мүмкіншілігін пайдаланамыз. Осының барлығы ЛОР дәрігердің ақылы қызметтер көрсету мүмкіншілігін береді.

Қазақ тіліРусскийEnglish