№2 ЛОР бөлімшесі

Лор 2

Булдаков Анатолий Меркурьевич – 2-Лор бөлімшесінің меңгерушісі, жоғарғы санаттағы дәрігер.

«Оториноларингология» мамандығы бойынша еңбек өтілі – 24 жыл.

Алматы Мемлекеттік медициналық институтының емдеу ісі факультетін 1988 жылы аяқтаған. 1988-1989 жж. «Оториноларингология» мамандығы бойынша интернатураны Алматы облысының ауруханасында ЛОР-бөлімшесінде өткен.

Бірнеше рет Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында жетілдіру курстарынан өтіп, Германияда (Штутгарт қ.) құлақ микрохирургиясы бойынша машықтанған. ЛОР-органдарының патологиясы бар ауруларды консервативті және оперативті емдеуінің барлық әдістерін жетік меңгерген. Соңғы 6 жыл бойы №5 ҚКА 2 ЛОР-бөлімшесіінң меңгерушісі болып табылады. Жылына 1000 жуық операция жасайды.

Қазақ тіліРусскийEnglish