Нұрмағанов Серік Балташұлы

Нурмаганов Серик Балташевич

Профессор Нұрмағанов Серік Балташұлы – балалар бет-жақ хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі

С.Б. Нұрмағанов №5 ҚКА балалар бет-жақ хирургиясы бөлімшесіне он төрт жылдан бері жетекшілік етеді, жалпы еңбек өтілі 27 жыл.

Жоғарғы санаттағы маман ретінде ол Қазақстанның барлық аймақтарынан күрделі бет-жақ патологиясы бар ауруларға №5 Қалалық клиникалық аурухана, №1 Қалалық Клиникалық балалар ауруханасы, «Ақсай» Республикалық Клиникалық балалар ауруханасы негізінде операция жасайды.

Практикалық жұмысын ғылыми және педагогикалық қызметімен ұштастырады, С.Д.Асфендияров ат. ҚазҰМУ бала жастағы стоматология кафедрасының профессоры болып табылады, студенттерге лекциялар оқып, семинарлар жүргізеді, резиденттер мен аспиранттарға дәріс береді. 70 астам ғылыми еңбектердің авторы, екі патент қорғаған. 2004-2005 жж. ҚаҰМУ стоматологиялық факультетінің деканы болған. «2003 жылдың үздік дәрігері».

Еңбек қызметінің негізгі бағыты балалардың бет-жақ аймағына құрылымдау-қалпына келтіру және пластикалық хирургисы. Есту жолдарының туа біткен артрезиясын алып тастау бойынша авторлық әдісті әзірлегеп, патент алған (2011 ж.); балалардың туа біткен және кейін пайда болған бат*-жақ аймағының, мойының, құлақ кеуілжірінің ақауларын замани импланттарды, аппараттарды қолданумен емдеу әдістерін жетілдірдіСерік Балташұлы өзінің кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп отырады, Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің пластикалық хирургия және косметология институтында (Мәскеу, 1999 ж.) оқудан өтті, Колумбиялық Университетінің (Нью-Йорк, АҚШ, 2004 ж.) госпиталінде, Лазерлік пластикалық хирургия және косметология клиникасында (Милан, Италия, 2006 ж.) машықтанды, бет-жақ аймағының патологиясы бар жетім балаларға көмек көрсету бойынша: Қазақстан-Ресейлік (1999ж.), Қазақстан-Америкалық (1997 ж.), Қазақстан-Оңтүстік Кореялық (2001 ж.), Ресей-Америкалық («Бетпе-бет», Екатеринбург, 2005 ж.) қайырымдылық акцияларына қатысты.

 

Қазақ тіліРусскийEnglish